Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
8 (7172) 690-101 (Бизнес-байланыс)
Басқарма

«Энергоинформ» АҚ-ның Басқарма мүшелеріне сыйақы төлеу тәрібі «Энергоинформ» АҚ-ның Басқармасы туралы ережемен, «Энергоинформ» АҚ-ның әкімшілік-басқарушылық персоналына еңбекақы төлеу және сыйақы төлеу  қағидасымен, сондай-ақ «Энергоинформ» АҚ-ның басшы және басқарушылық қызметкерлерін жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша қызметін бағалау және сыйақы төлеу қағидасымен анықталды.

Басқарма төрағасының және оның мүшелерінің еңбекақы төлеу жүйесіне лауазымдық қызметақы және жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы төлеу енгізіледі.

«Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасының және оның мүшелерінің лауазымдық қызметақы мөлшері лауазымдық қызметақы тәсіміне сәйкес орындайтын жұмыстың қиындығына, атқаратын лауазымдығына байланысты сараланып, «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.

«Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасына және оның мүшелеріне олардың қызметінің тиіміділігі мен жұмыс сапасын арттыруға қызығушылықтарын күшейту мақсатында   жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылуы мүмкін, сыйақы төлеу талаптары мен тәртібі  «Энергоинформ» АҚ басшы және басқарушылық қызметкерлерін жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша қызметін бағалау және сыйақы төлеу қағидасымен белгіленеді.

Басқарма мүшелеріне әлеуметтік қолдау, кепілдік және өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның ішкі құжаттарына және еңбек шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма төрағасы мен оның мүшелеріне ұзақтығы 30 күнтізбелік күнге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кепілденеді.   Басқарма мүшелеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы ұсынылған кезде денсаулықты жақсарту үшін материалдық көмек төленеді.

«Энергоинформ» АҚ-ның Басқарма мүшелеріне  опциондар мен әртүрлі жеңілдіктер ұсынылмайды. Қоғам Басқарма мүшелерінің өкілеттіктері тоқтатылған және олар жұмыстан босатылған кезде өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.