Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)
ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ
«Энергоинформ» АҚ басқарма төрағасы
Сұрақ қою

«Энергоинформ» АҚ Басқармасының төрағасына

биографиялық анықтама

 

Саудабаев Серік Болатұлы  08.12.1977 жылы Алматы қаласында туды. Екі жоғары білімі бар, 1999 жылы  Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығын, ал 2006 жылы Т.Рұсқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Экономика» мамандығын бітірді.

 

  • Еңбек жолын 2000 жылы «Қазақтелеком» АҚ филиалының «Астанателеком» ҚТО Кеңейтілген сервис орталығында инженер болып бастады.
  • 2003-2008 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-ның Заң департаменті корпоративтік құқық бөлімінің менеджері, басшысы,  Заң департаменті директорының орынбасары болды.
  • 2008-2010 жылдары «Қазақтелеком» АҚ АҚ-ның Корпоративтік хатшысы міндетін атқарды.
  • 2010-2021 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ «Коммуникациялар» Дирекциясының директоры болып жұмыс атқарды.
  • 2021-2022 жылдары «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы болды.
  • 2010 жылдан бастап 2022 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2021 жылдан бастап 2022 жылға дейін «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін «QazCloud» ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесі болды.

«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 11 қарашадағы шешімімен «Энергоинформ» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды.