Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)
Директорлар кеңесі

Жалғыз акционердің 2022 жылғы 01 ақпандағы шешімімен ("KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің № 1 хаттамасы) өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты "Энергоинформ" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, ол 7 адамнан тұрады.

"Энергоинформ" АҚ Директорлар кеңесі  7 адамнан тұрады.  

Қызметті бағалау:

Қоғамның Директорлар Кеңесі туралы Ережеге сәйкес Директорлар Кеңесі жыл сайын өзінің жұмысына, комитеттердің, әрбір директорлардың жұмысына ресми және жан-жақты баға береді. Бағалау "Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің,"Энергоинформ"АҚ төрағасының, Директорлар кеңесі мүшелерінің және корпоративтік хатшысының қызметін бағалау" қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Біліктілікті арттыру:

Қоғамда Біліктілікті арттыру және «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерімен сыртқы сарапшыларды тарту саясаты бар. Директорлар кеңесі жыл сайын Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттырудың жоспарын бекітеді.

Катышев Сергей Ирманович
Катышев Сергей Ирманович

«Энергоинформ»  АҚ Диреткорлар кеңесінің төрағасы

1962 жылы 27 қаңтарда туған

1983 жылы Алма-Аты энергетика институтының «Электр жүйелері және тораптары» мамандығы бойынша бітірген,  инженер-электрик,

1988 жылы Қазақ энергетика ғылыми зерттеу институты жанындағы аспирантура, мамандығы «Энергетика жүйелері және кешендері»,

1988 жылы Сібір энергетика институты КСРО СҒ АБ , техникалық ғылым кандидаты,    ЖАК КСРО

1995 жылы  Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы, «Энергетика» мамандығы бойынша доцент,

2006 жылы Мичиган Халықаралық университеті, іскери әкімшілендіру шебері (МВА).

«Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына 2019 жылғы 7 шілдеде сайланды

  • 1988-1990 жж. – Қазақ энергетика ҒЗИ, ғылыми қызметкер.
  • 1990-1994 жж. - Алма-Аты энергетика институты, аға оқытушы, доцент.
  • 1994-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Энергетика министерлігі, бас маман, бөлім бастығы.
  • 1998-2007 жж. –  «KEGOC» АҚ: Даму  департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы, Департамент директорының орынбасары –  Өндірістік-технологиялық департаменті стратегиялық дамыту және ҒТС бастығы, жобаларды басқару жөніндегі топ басшысы – Президент кеңесшісі, Жобаларды басқару департаментінің директоры – Президент кеңесшісі,
  • 2007-2009 жж. – «KEGOC» АҚ-ның Даму жөніндегі басқарушы директор,
  • 2009-2015 жж. – «KEGOC» АҚ Халықаралық қаржы және энергетика ұйымдарымен жұмыс істеу жөніндегі кеңесші лауазымын қоса атқара отырып, Жобаларды басқару департаментінің директоры,
  • 2015-2017 жж. – «KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау орталығының  Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор;
  • 2017-2019 жж. –«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • 2019-2021 ж.-«KEGOC» АҚ Ақпараттық- телекоммуникациялар кешені және трансформациялау жөніндегі басқарушы диреткор