«Энергоинформ» АҚ Бас директоры
"Энергоинформ" АҚ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес 2025 жылғы 24 желтоқсанда (№ 83-Л) "Энергоинформ"АҚ Бас директоры лауазымына тағайындалды.
1982 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
«Энергоинформ» АҚ акцияларын иеленбейді
Білімі:
2000 – 2005 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мамандығы: экономист (4 жыл бакалавр, 1 жыл магистратура)
Жұмыс тәжірибесі:
2024 – 2025 – «Энергоинформ» АҚ сату жөніндегі басқарушы директоры.
2021–2022 – «Самұрық-Қазына құрылыс» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі, Астана қаласы;
2020 – 2021 – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Сатып алуды басқару категориясы департаментінің директоры, Астана қ.;
2015 – 2020 – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары, Атырау қ.;
2014 – 2014 – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы (қосалқы жұмыс күні), Астана қ.;
2014 – 2014 – «Самұрық-Қазына Өндеу» ЖШС инвестициялық жобаларды дамыту басқармасының басшысы, Астана қ.;
2013 – 2014 – «Біріккен химиялық компания» ЖШС инвестициялық жобаларды дамыту дирекциясының бас менеджері, Астана қ.;
2010 – 2013 – Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаменті, қаржы бөлімінің бас менеджері.
институттар мен халықаралық инвесторлар, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, Астана;
2008 – 2010 – «KEGOC» АҚ жобаларды басқару бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
2006 – 2007 – «Еуразиялық банк» АҚ ШОБ несиелеу бөлімінің жетекші маманы, Астана қ.;
2005 – 2007 – «Еуразиялық банк» АҚ коммерциялық несиелеу бөлімінің маманы, Астана қ.
"Энергоинформ" АҚ Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары
"Энергоинформ" АҚ конкурстық комиссиясының шешімімен 2025 жылғы 29 желтоқсанда (№32 хаттама) 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап "Энергоинформ"АҚ Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары болып сайланды.
1982 жылы 17 қыркүйекте дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының Азаматы.
Білімі және біліктілігі:
Алматы Экономика және статистика институты (1999 - 2003 ж. ж.)
Мамандығы: "Қаржы және несие"
Link халықаралық менеджмент институты (2008-2009)
Мамандығы:"маркетингті басқару"
Тұран Астана университеті (2013 - 2014 ж. ж.)
Мамандығы:"Экономика"
Еңбек қызметі:
2023 - 2025 ж. ж. - "Энергоинформ" АҚ сату және шарттарды басқару департаментінің директоры;
2022 - 2023 ж. ж. - "Қазпошта" АҚ өндірістік қатынастар қызметінің бастығы;
2021 - 2022 ж. ж. - "Қазпошта" АҚ "Астана почтамт"АФ филиалы директорының бизнес жөніндегі орынбасары;
2017 - 2021 ж. ж. - "Қазпошта" АҚ коммерциялық департаменті желісін дамыту бағытының басшысы;
2009 - 2017 ж. ж. - "Астана почтамт" АФ директорының орынбасары;
2008 - 2009 ж. ж. - "Қазпошта"АҚ Ақмола облыстық филиалының маркетинг, сатуды дамыту бөлімінің бастығы;
2007 - 2008 ж. ж. - ҚР Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы" РМК бас маманы;
2005 - 2007 ж. Ж. - "Оңтүстік" ақпараттық-логистикалық орталығы Қазпошта АҚ филиалының бас маманы.
«Энергоинформ» АҚ-ның Басқарма мүшелеріне сыйақы төлеу тәрібі «Энергоинформ» АҚ-ның Басқармасы туралы ережемен, «Энергоинформ» АҚ-ның әкімшілік-басқарушылық персоналына еңбекақы төлеу және сыйақы төлеу қағидасымен, сондай-ақ «Энергоинформ» АҚ-ның басшы және басқарушылық қызметкерлерін жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша қызметін бағалау және сыйақы төлеу қағидасымен анықталды.
Басқарма төрағасының және оның мүшелерінің еңбекақы төлеу жүйесіне лауазымдық қызметақы және жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы төлеу енгізіледі.
«Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасының және оның мүшелерінің лауазымдық қызметақы мөлшері лауазымдық қызметақы тәсіміне сәйкес орындайтын жұмыстың қиындығына, атқаратын лауазымдығына байланысты сараланып, «Энергоинформ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.
«Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасына және оның мүшелеріне олардың қызметінің тиіміділігі мен жұмыс сапасын арттыруға қызығушылықтарын күшейту мақсатында жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылуы мүмкін, сыйақы төлеу талаптары мен тәртібі «Энергоинформ» АҚ басшы және басқарушылық қызметкерлерін жыл үшін жұмыс қорытындысы бойынша қызметін бағалау және сыйақы төлеу қағидасымен белгіленеді.
Басқарма мүшелеріне әлеуметтік қолдау, кепілдік және өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның ішкі құжаттарына және еңбек шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма төрағасы мен оның мүшелеріне ұзақтығы 30 күнтізбелік күнге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кепілденеді. Басқарма мүшелеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы ұсынылған кезде денсаулықты жақсарту үшін материалдық көмек төленеді.
«Энергоинформ» АҚ-ның Басқарма мүшелеріне опциондар мен әртүрлі жеңілдіктер ұсынылмайды. Қоғам Басқарма мүшелерінің өкілеттіктері тоқтатылған және олар жұмыстан босатылған кезде өтемақы төлемдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.