Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

Астана қаласында QAZAQSTAN QYZMET CUP 2023 кіші футболдан өткен турнир

15.08.2023
Астана қаласында QAZAQSTAN QYZMET CUP 2023 кіші футболдан өткен турнир

2023 жылдың 8 тамыз күні Астана қаласында QAZAQSTAN QYZMET CUP 2023 кіші футболдан (6х6 форматында) өткен турнир өз мәресіне жетті. Аталған турнирде «KEGOC» АҚ командасы «B» тобынан бірінші орынмен шығып, финалдық кездесуде Қазақстан Республикасының Футбол Федерациясының қызметкерлерінен құралған командадан «1-2» есебімен жол беріп, жүлделі II орынға ие болды.

Турнирде 5 ойында 7 гол соғып  «QQC 2023 Үздік сұрмерген» атанған «Энергоинформ» АҚ қызметкері Кульманов Алишер Қуандықұлын шын жүректен құттықтаймыз!

«KEGOC» АҚ командасының құрамы Атқарушы дирекцияның қызметкерлері, Ақмола ЖЭТ қызметкерлері және «Энергоинформ» АҚ орталық аппарат қызметкерлерінен құралған.

Үлкен додаларда Компаниямыздың намысын қорғап жүрген әріптестерімізге: Кульманов Алишер, Ниязымбет Талғат, Нуркешев Данияр, Фаткуллин Болат, Пернеханов Азамат және Тилеубергенов Байтурсынға алдағы болатын жарыстарда үлкен жеңіс және сәттілік тілейміз!