Өндірістік кәсіпорынның басты міндетінің бірі ол жабдықтың және онда жұмыс істеп жатқан персоналдың қауіпсіз жұмысы, өндірістің тиімділігін және өндірілетін өнімнің сапасын арттыру, сондай-ақ басқарудың жаңа сапасын қамтамасыз ету, айрықша, егер технологиялық процестер күрделі болса және аздаған істен шығуы айтарлықтай экономикалық шығынға әкеледі және қауіпті жағдайлар туғызады. Осы міндеттерді шеші үшін технологиялық процестерді басқаруды автоматтандырылған жүйесі (ТП БАЖ) құрал болып табылады.
(диспетчерлік басқару және деректер жинағы) Қазіргі уақытта SCADA (Supervisory Control And Data Acquisition, Диспетчерлік басқару және деректер жинағы) санатының жүйелері өндірістің көптеген салаларында серпінді жүйелерін автоматтандырылған басқарудың тиімді технологиясы болып табылады. Замануй SCADA- жүйелер ұқсас мүмкіндіктер мен жұмыс принциптеріне ие және оның жұмыс істеу мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, мысалы: диспетчерлік мониторингілеу және технологиялық процестердің өтуі, нақты алгаритмдер боған кезде басқару және басқару объектісінің толық формаланған моделі туралы деректер жинау.
Біз SCADA деңгейінің жүйесіне байланысты барлық міндеттерді шешеміз:
SCADA жүйесн кілтке тапсырумен әзірлейміз
Айқын уақыт режимінде деректерді көрсету және математикалық өңдеу
SQL базаларында резервтеумен үлкен көлемде деректерлі мұрағаттау
Статистикалық өлшеулер, уақиғалар және апаттық жағдайлар журналын жүргізу
Опреатор пультінде ақпараттар көрсету
Есеп-қисаптар құру.
Деректерді қорғау және пайдланушылардың құқықтарын шектеу
Таратылған деректерді жинау жүйесін бірыңғай диспетчерік пунктке біріктіру
Автоматика жүйелерінің техникалық құралдары жай-күйін алдын алу және монитоингілеу
Жүйелік біріктіру
Технологиялық процеспен, өндіріспен, тұтастай ұйымдастыруды барынша тиімді басқару үшін басқарудың жекелеген автоматтандырылған процестері мен құралдарын бірге біріктіру.
Технологиялық нысандар автоматтандырылған сайын, көптеген кәсіпорындар әртүрлі
интерфейстер мен мұрағат форматтарымен байланысты емес локалды ТП БАЖ жағдайға тап болады.
Кәсіпорынның біртұтас ақпараттық кеңістігін құру және КБАЖ-не деректер, ТЭК есебін беру үшін кез-келген локалдық ТП БАЖ-нен технологиялық деректеріне біріккен қол жеткізу, басшылыққа, жоспарлы және техникалық қызметтерге ақпарат ұсыну көкейкесті міндет болып табылады.
«Энергоинформ» АҚ-ы ТП БАЖ жүйелік біріктіруде көп жылғы тәжірибеге ие бола отырып, замануи технологияларға негізделген озық өзінің атқарылған жұмыстарын ұсынуға дайын.
Жобаларды іске асыру
Ол кез-келген күрделіліктегі ТП БАЖ жобалау, әзірлеу және іске асыру - жабдықты ауыстырудан, жөндеуден және іске қосудан бастап «Кілтпен тапсыру» жобаларды іске асыруға дейін жоғары білікті қызметтерді ұсынады. Қызметтер: монтаждау, жөндеу, техникалық және сервистік қызмет көрсету. Біздің фирмамыз техникалық шешімдер құруға, сондай-ақ жобаны іске асыру уақытында клиенттің барлық тілегін есепке алу мен енгізуге икімді тәсілімен ерекшеленеді. ТП БАЖ жобаларды әзірлеу мен енгізуде жұмыстың кез-келген кезеңіндегі қызметтер көзделген:
Техникалық тапсырмалар әзірлеу;
Техникалық қамтамасыз етуді (жоба) әзірлеу;
Бағдарламалық ққамтамасыз етуді әзірлеу (клиенттің тілегі бойынша, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету, математикалық қамтамасыз ету және ұйымдық қамтамасыз ету);
Шеф-монтаж;
Іске қосу-реттеу жұмыстары;
Тапсырыс берушінің персоналын оқыту;
Кепілдік және кепілден кейінгі қызмет көрсету.
Жүйелерді жаңғырту
Әлеует пен функционалдық мүмкіндіктерді дамыту, не басқа аралас жүйелермен сәйкестендіру және бірегейлендіру үшін техникалық процестерді басқарудың ескірген автоматтандырылған жүйесін жаңғырту үшін инновациялық технологиялар қолдану. Ескірген технологияларды пайдалану өндірістің тиімділігін төмендетуге және табыстың айтарлықтай бөлігінің жоғалуына әкелуі сөзсіз.
Бәсекелестерден қалмау үшін технологиялық процестердің бақылауын жүзеге асыратын басқару жүйесін жаңғыртуды қажет етуі мүмкін. Осы жұмыстарды орындау үшін ол қызмет ерекшелігін өзгерту немесе кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын кеңейту негіз болып болып табылады.
Жаңғыртудың көмегімен қол жеткізудің негізгі мақсатына жатады:
Энергия ресурстар шығыстарының тиімділігін арттыру
Жүйенің басқарушылық және ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейту.
Технологиялық процестерді оңтайландыру.
Энергетикалық және отын ресурстарын үнемдеу.
Штаттан тыс немесе апат жағдайларды пысықтау және алдын алу.
Қызмет көрсететін персоналының өнімділігін арттыру.
Қолданыстағы басқару жүйесінің жаңғыртылуын орындай отырып, мамандар сенімділік, жылдамдылық және басқа технологиялық көрсеткіштер талаптарын ескереді. Кешенді жаңғыртуды жүргізгеннен кейін Сіз өндіріске толық бақылауды мүмкіндігін аласыз. Жұмыстың барлық циклі «кілтке тапсыру» орындалады.
Сервистік қызмет көрсету
Ағымдағы сүйемелдеу, жоспарлы-алдын алу жұмыстар орындау және жөндеулер.
«Энергоинформ» АҚ-ның сервистік қолдау – ол ТП БАЖ тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені. Біздің міндетіміз: Сіздің кәсіпорыныңызда автоматтандыру жүйелерінің қауіпсіз, үздіксіз және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Біз Сіздің ТП БАЖ жүйелеріңізге техникалық және сервистік қолдауды ұсынамыз: тұрақты тексерулер, біздің инженерлердің баруы және техқызмет көрсету, жабдықтар және құрамдас бөліктер сатып алу, тестілеу және сіздің жабдығыңызды жөндеу.