Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

“2 IN 1” КІТАП КЛУБЫНЫҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ

25.10.2020
“2 IN 1” КІТАП КЛУБЫНЫҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ

     “KEGOC” АҚ және оның Еншілес ұйымдарының Жастар ісі жөніндегі кеңесі “2 in 1” кітап клубының ашылғаны туралы хабарлады. Көптеген адамдар оқуды өте жақсы көреді, бірақ күн қарбаласында олар үнемі мұны жасамауға себеп табады.

     “2 in 1” кітап клубы-кітаптарды оқығаннан кейін қолдау мен талқылауды қажет ететін кітап сүйер қауым. Клубта қызықты адамдармен танысуға, пікірлестерді немесе қарсыластарды табуға, сөйлеу мен пікірталас өткізуге мүмкіндік бар.

     Кітап клубының мақсаты-шабыттандыру, жаңа нәрселерді үйрету, жаңа дағдыларды игеру, сұрақтарыңызға жауап табу және күшті ортада өсу.

    Бұл клубтың бастамашысы және ұйымдастырушысы"Энергоинформ" АҚ Маркетинг және сату Департаментінің қызметкері Кенжибаева Айнаш болып табылады.