Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

Коронавирус пандемиясы жағдайында қашықтықтан жұмысқа ауысу

19.03.2020
Коронавирус пандемиясы жағдайында қашықтықтан жұмысқа ауысу

Коронавирустық инфекцияның (2019-nCoV, COVID-2019) таралу қаупінің өсуі жағдайында "Энергоинформ" АҚ қосымша алдын алу шараларын жедел қабылдады, осыған сәйкес ұйым қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру шешілді.

18-20 наурыз аралығында "Энергоинформ" АҚ-ның Ақпараттық технологиялар департаменті "KEGOC" АҚ АТ-блогының көмегімен екі ұйымның 250-ден астам пайдаланушысы үшін корпоративтік жүйелерге қашықтан қолжетімділікті қосу бойынша жұмыс жүргізді. Олар үшін дербес компьютерлер бапталып, VPN-клиенттер орнатылған, ДК қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.