Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

«ЭНЕРГОИНФОРМ " АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ - "БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ЖИНАЙЫҚ" ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

21.08.2019
«ЭНЕРГОИНФОРМ

"Нұр Отан" партиясының "Бақытты балалық шақ" жобасын іске асыру шеңберінде жыл сайынғы "Баланы мектепке жинайық" қайырымдылық акциясы өткізіледі, оның барысында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп керек-жарақтарын сатып алу бойынша атаулы қолдау көрсетіледі.


"KEGOC" АҚ бастапқы партия ұйымы осы акцияны кезекті рет қолдап, жалпы сомасы 750 000 теңгеге 50 дана көлемінде мектеп кеңселік керек-жарақтарының қажетті стандартты жиынтығын және сөмкелерді сатып алуға жәрдем көрсетті.


"Энергоинформ" АҚ-ның (ұйым "KEGOC" АҚ холдингтік тобына кіреді) қызметкерлері осы қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.