Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

"Энергоинформ" АҚ Солтүстік филиалы "KEGOC" АҚ Солтүстік ЖЭТ филиалының 2021 жылғы спартакиадасында жалпыкомандалық 1 орынға ие болды.

26.12.2021

    Спартакиада - бұл барлық қатысушылар үшін нағыз мереке! Жанкүйерлер үшін ұмытылмас әсер және кез-келген спортшының есінде қалар өміріндегі маңызды оқиға. Әрбір қатысушы үшін бұл тәжірибе,  эмоциялармен жұмыс істеуге үйрету, оның ерік-жігері мен өзін-өзі ұстауын тексеру, сондай-ақ өзінің ең жақсы мүмкіндіктерін көрсете білу. Сонымен қатар, әрине, лайықты марапатқа ие болу.

    "KEGOC" АҚ Солтүстік ЖЭТ филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада өткізу дәстүрі қалыптасқан. 2021 жыл да ерекшелік емес. 2021 жылдың 22 қарашасы мен 12 желтоқсаны аралығында "KEGOC" АҚ Солтүстік ЖЭТ филиалы және "Энергоинформ" АҚ Солтүстік филиалы құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының 30 жылдық Тәуелсіздігі күніне арналған Спартакиада өтті, олар: мини-футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, армрестлинг, бильярд және арқан тарту.

   Спорттық іс-шараға "KEGOC" АҚ Солтүстік ЖЭТ филиалынан 7 командасы және "Энергоинформ"АҚ командасы қатысты. "Энергоинформ" АҚ СФ атынан 17 спортшы қатысып, жақсы нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

Волейбол: 1 орын, "Үздік шабуылшы" номинациясын Матбаев Арман алды;

Үстел теннисі (ерлер арасында):     1 орын – Айтпакаев Мұхтар;

Үстел теннисі (әйелдер арасында): 1 орын – Сейлханова Айгүл,

 2 орын – Бейсенбаева Зайда;

Шахмат (әйелдер арасында): 3 орын – Сейлханова Айгүл;

Бильярд: 3 орын – Махин Жастілек;

Арқан тарту: 3 орын.


   Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте "Энергоинформ" АҚ СФ командасы жеңімпаз атанып, тағы да үздік нәтиже көрсетті.

   Спартакиада ұжымды ұйымшылдық, достық, қарсыластарға құрмет, командалық жұмыс, шыдамдылыққа тартады, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс күндеріне ашық реңк енгізеді.

   "Энергоинформ"АҚ Солтүстік филиалының спортшылары мен жанкүйерлерін құттықтаймыз! Жарайсыңдар! Тек қана алға!