Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

Солтүстік филиалы Халықаралық 9-ыншы «KazInterPower» атты энергетика және электротехника бойынша құрал-жабдықтар мен технологиялар көрмесіне қатысты

30.09.2021
Солтүстік филиалы Халықаралық 9-ыншы «KazInterPower» атты энергетика және электротехника бойынша құрал-жабдықтар мен технологиялар көрмесіне қатысты

2021 жылы 28-29 қыркүйекте Солтүстік филиалының қызметкерлері Халықаралық 9-ыншы «KazInterPower» атты энергетика және электротехника бойынша құрал-жабдықтар мен технологиялар көрмесіне қатысты.

Павлодар өңірі Қазақстанның «Энергетикалық жүрегі» болып табылатындығын ескере отырып, нақ Павлодар қаласының өзінде 2012 жылдан бастап «KazInterPower» көрме жобасын өткізу басталды.

Көрмеге Қазақстан Республикасының энергетикалық және тау-кен металлургия кешенінің басты компаниялары, сонымен қатар Электрон+, «ЭНЕРГОСОЮЗ», ЭнергоСтальКонструкция, «Электровыпрямитель» ЖАҚ, «Электромаш» ҒӨК, «ЭКСПЕРТ-КАБЕЛЬ», TUBES INTERNATIONAL, SIEMENS сияқты шетелдік жетекші өндірушілер және де стендтерде құрал-жабдықтардың, технологиялардың, бақылау-өлшеу кешендері мен құрал-саймандардың жаңа өнімдерін көрермендерге паш еткен басқа да өндірушілер қатысты.

Көрмені ұйымдастырушылар «КАЗЭКСПО» ВАК  және «EXPO ӘК».