Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

«Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасы Еділ Құдайбергенұлы Көпенов Ақмола филиалына жұмыс сапарымен барды

29.09.2025
«Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасы Еділ Құдайбергенұлы Көпенов Ақмола филиалына жұмыс сапарымен барды

29 қыркүйекте «Энергоинформ» АҚ Басқарма төрағасы Көпенов Еділ Құдайбергенұлы Ақмола филиалында болды. Сапар аясында филиал ұжымымен кездесу өткізіліп, өндірістік мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Кеңес барысында филиалдың компания қызметіндегі маңызды рөлі атап өтіліп, қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігі мен энергетика саласының тұрақты дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.

Сонымен қатар, компанияның 15 жылдық мерейтойына орай бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің және «KazEnergy» қауымдастығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл марапаттар — олардың ұзақ жылғы адал еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігінің және саланы дамытуға қосқан зор үлесінің айғағы.

Басқарма төрағасы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, ұжымға табысты еңбек пен жаңа жетістіктер тіледі. Сондай-ақ ол өңірлік филиалдардың дамуы «Энергоинформ» АҚ-ның стратегиялық басымды бағыттарының бірі екенін атап өтті.