Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «KEGOC» АҚ мен «Энергоинформ» АҚ қызметкерлері оның прозалық шығармалары негізінде сахналық-композициялық қойылым ұсынды.

Қойылым барысында компания қызметкерлері Абайдың философиялық толғаныстары мен даналық ойларын сахна арқылы терең сезіммен жеткізді. Ойшылдың рухани құндылықтары мен адамгершілік жайлы ойлары көрермендердің жүрегіне жол тауып, көпшіліктің көзіне жас ұялатты.

Көрсетілім қазақ халқының тағдыры, рухани күресі және ұлттық болмысы туралы терең ойға жетеледі. Абайдың ұрпаққа қалдырған өсиеті — ұлттың оянуы, рухтың биіктігі мен бірліктің қадірін сезіну — сахнадағы әріптестеріміздің шынайы өнері арқылы бүгінгі күнмен үндесті.

Осындай мазмұнды да әсерлі іс-шараны ұйымдастырып, қатысқан барлық әріптестерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл кеш — рухани мұра мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі болды.
