«Энергоинформ» АҚ ұжымы өз ісінде ғана емес, салауатты өмір салтын қолдауда да үлгі көрсетіп, қалалық және республикалық марафондарға, соның ішінде мәртебесі жоғары «Самұрық» марафонына белсенді қатысып келеді.
Ардақты ардагеріміз, зейнеткеріміз — Ержан Нұрқасұлы Ускенбаев — 25 жылдан астам уақыт бойы тұрақты түрде жүгірумен айналысып, марафондық жарыстарға қатысып келеді. Оның табандылығы мен спорттық рухы бүкіл ұжымға үлгі.
Мұндай шаралар физикалық денсаулықты нығайтуға ғана емес, командалық рухты көтеруге, бір-біріне қолдау көрсетуге және корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Жарыстарда әріптестеріміз төзімділік пен ерік-жігерін танытып, компанияның рухын биіктетеді.
Спорттық іс-шараларға қатысу — ұжымның бірлігін нығайтып, достық қарым-қатынасты дамыту жолдарының бірі. «Энергоинформ» АҚ қызметкерлерінің спорттық бастамаларын қолдауды әрі қарай да жалғастырып, салауатты өмір салтын насихаттауға күш салмақ.