«Энергоинформ» АҚ қызметкерлері қайырымдылық дәстүрін жалғастырып келеді. Бұл жолы көмек Астана қаласының тұрғыны – Жұмабекова Ботагөзге көрсетілді. Ол сегіз баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Жолдасы өмірден өткеннен кейін, отбасының барлық жауапкершілігі оның иығына түсті. Қазір Ботагөз еден жуушы болып жұмыс істейді.
Қиындықтарға қарамастан, Ботагөз өз күшімен бір бөлмелі пәтер сатып алып, балаларымен сол жерде тұрып жатыр. Бұл – аналық махаббаттың, төзімділік пен ерік-жігердің нағыз үлгісі.
Оның тағдырына бейжай қарамаған «Энергоинформ» ұжымы ерікті түрде қаражат жинап, отбасыға арналған азық-түлік себетін дайындады.
Компания атынан барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз. Жақсылық жасау – жүректен. Ал жүректен шыққан жылу міндетті түрде өз иесін табады.
Мұндай оқиғалар көп болсын – қиындық емес, жанашыр жандар жайлы.