Future Energy Dialogue 2024 — әлемдік энергетиканың болашағы қалыптасатын воркшоп
3-4 желтоқсан күндері Future Energy Dialogue 2024 аясында энергетика саласындағы жетекші мамандар, сарапшылар мен инноваторлардың қатысуымен халықаралық воркшоп өтті. Оның негізгі мақсаты – тұрақты даму мен цифрландыру мәселелерін талқылау және шешу жолдарын ұсыну.
«Энергоинформ» АҚ осы маңызды шараға белсене қатысты. Өндіріс жөніндегі басқарушы директор Байжанов Рустам Орынбасарұлы сөз сөйлеп, келесі бағыттарды атап өтті:
• Энергетиканы цифрландыру – энергия жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи технологияларды енгізу.
• Тұрақты дамуға арналған инновациялық тәсілдер – қоршаған ортаға әсерді азайтып, энергия тұтынуды оңтайландыру шешімдері.
• Энергетикадағы киберқауіпсіздік – цифрландыру жағдайында маңызды инфрақұрылымды қорғау шаралары.
Талқылау барысында киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар цифрлық шешімдер мен ақылды жүйелерді енгізу аясында энергетикалық инфрақұрылымға төнетін кибершабуылдарды болдырмау және мәліметтерді қорғау қажеттігін атап өтті.
«Энергоинформ» АҚ сенімді, тұрақты және қауіпсіз энергетикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған өз үлесін қоса отырып, мұндай жаһандық диалогтың бір бөлігі болғанын мақтан тұтады.