Ағымдағы жылғы 11 қазанда «Энерготехкәсіподақ» ҚБ-ның қолдауымен Атқарушы дирекцияның бас кеңсесінде КТА форматында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» тақырыбында конкурс өткізілді.
Конкурсқа барлығы 4 команда – Атқарушы дирекциядан «Орда» командасы, «Энергоинформ» АҚ-дан «Тоқинформ» командасы, ЖО ҰДО филиалынан «50 Гц» және Ақмола ЖЭТ филиалынан «Жарық жұлдыздар» командалары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша командалар келесі орындарды иеленді:
Гран-при - «Орда» командасы;
І орын – «50Гц» және «Тоқинформ» командалары;
ІІ орын – «Жарық жұлдыздар» командасы.
Аталған конкурстың мақсаты Компания қызметкерлерінің арасындағы ынтымақтастықты арттыру, шығармашылық қабілеттерін ашу болып табылады.
Барлық командалардың қатысушыларына, сонымен қатар құрылымдық бөлімшелердің басшыларына командаларды қолдап, ойынға қатысуларына мүмкіндік жасағандары үшін алғыс білдіреміз!