Оқу-өндірістік комбинаты

Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

Зейнетке құрметпен!

19.10.2020
Зейнетке құрметпен!

       9 қазанда "Энергоинформ" АҚ СФ ОИТ жетекші инженері Владимир Иванович Белимовті лайықты демалысқа шығарып салдық. Зейнетке шығу - бұл әр адамның өміріндегі маңызды сәт, өйткені ол кәсіби қызметті қорытындылайды. Сондықтан әріптестер бұл оқиғаны қуанышты және есте қаларлық етуге тырысты.

      Владимир Ивановичтің айналасында ұзақ уақыт бойы онымен бірге жұмыс істеген әріптестері жиналды. Оған арнап көптеген алғыс сөздер айтылды. Белимов В.И. Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиотехника институтының радиотехника факультетінің түлегі, еңбек жолындағы өмірбаяны кең ауқымды. В.И.Белимов "Энергоинформ" мекемесі құрылған және "Энергоинформ" АҚ Солтүстік филиалы болып қайта құрылған күннен бастап жұмыс істейді, инженерден ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші инженеріне дейінгі жолды жүріп өтті. 2018 жылы "Екібастұз" 1150кВ ҚС сөйлеу ақпаратын тіркеуші жұмысына қашықтықтан мониторинг жүргізу" тақырыбында танылған рационализаторлық ұсыныс әзірледі. Жалпы еңбек өтілі 39 жыл. Оның ішінде энергетика саласында 19 жыл. Бірнеше рет "KEGOC" АҚ және "Энергоинформ"АҚ басшылығынан мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапатталған.

      Әріптестерінің айтуынша Владимир Иванович құзыретті, жұмысын адал атқаратын, сауатты, ой–өрісі кең, құрметке лайық адам.

    "Сіздің жаңа өміріңіз басталады және біз бүкіл ұжымның атынан сол өмірдің бақытты болуын тілейміз. Енді Сізде бұрыннан жоспарлап жүрген дүниелерді жүзеге асыруға уақыт болады. "Энергоинформ" АҚ тек жағымды эмоциялар қалдырды деп үміттенеміз. Сізге сәттілік!"- деп енді өткен шақтағы қызметкерге директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Марат Юсупович Жаназаров алғыс жолдады. Әріптестер Владимир Ивановичке естелік сыйлықтар табыс етті, сондай-ақ көптеген жылы сөздер айтты.

   Жауап ретіндегі сөзінде В.И.Белимов жиналғандарға алғысын білдіріп, барлығына жұмыста табыс және "Энергоинформ"АҚ компаниясының өркендеуін тіледі.