Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

1 Мамыр – достық пен келісім мерекесі. Құттықтаймыз!

1.05.2025
1 Мамыр – достық пен келісім мерекесі. Құттықтаймыз!

Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың достығын, татулығы мен бірлігін айшықтайтын ерекше күн.

Бірлік – біздің басты байлығымыз. Қазақстанның көпұлтты халқы бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, ортақ мақсаттар мен мүдделерге қол жеткізуде. Осы ынтымақ пен түсіністік болашаққа нық қадам басуға жол ашады.

Біздің компания атынан баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілейміз!
Әрқашан бейбітшілік пен келісім салтанат құрып, ортақ үйіміз – Қазақстан көркейе берсін!

Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
«Энергоинформ»АҚ ұжымы