«KEGOC» АҚ «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасын іске асыру шеңберінде «Энергоинформ» АҚ Батыс филиалы жобалық-сметалық құжаттаманы қарауға, келісуге, телекоммуникация объектілерінің құрылысын бақылауға (грозотросстағы ТОБЖ, ТОБЖ, ЖЖ, АТС жабдықтары), сондай-ақ жаңадан салынған ӘЖ-220кВ грозотросындағы ТОБЖ объектілерін және ТОБЖ жабдықтарын қабылдауға белсенді қатысты. Осының арқасында Батыс филиалында филиал объектілері (қосалқы станциялар, БАДО) мен ЖО ҰДО арасындағы деректерді және дауыстық арналарды беру мен қабылдаудың заманауи жоғары жылдамдықты транспорттық ортасы пайда болды.
Коммерциялық қызметтің жеке шарты бойынша «EIS Сorporation» ЖШС бас мердігерімен қосалқы мердігерлікте «Атырау», «Индер», «Құлсары», «Теңіз» және «РП Қарабатан» 220кВ ҚС объектілерінде ОрепЅсаре 4000 V10 АТС құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ «Энергия РК» ЖШС дилерімен бірлесіп барлық орнатылған АТС іске қосу-реттеу жұмыстары және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жүргізілді. АТС ОрепЅсаре 4000 V10 – бұл IP телефондары бар заманауи АТС, оларды жергілікті желісі бар шалғайдағы үй-жайларға оңай орнатуға болады. АТС жабдықтары кешенін қамтитын: «Фантом» сөйлесулерді жазу, «Ассамблея» конференциялық байланысы, бір уақытта 60 абонентке дейін қосылу мүмкіндігі бар күнделікті селекторлық кеңестерді өткізу үшін, «KEGOC» АҚ барлық филиалдарын біріктіретін, сол арқылы абоненттерді сапалы байланыспен қамтамасыз ететін заманауи IP trank. АТС құрамына сонымен қатар Exspert жүйесіне үлкен сенсорлық дисплейі бар және АДО диспетчерлерінің жұмысына арналған микрофоны бар заманауи сандық телефон пульті кіреді. Барлық АТС жабдықтары резервтік серверлерге ие.
Бұдан басқа, «TERRA IT» ЖШС-мен қосалқы мердігерлікте коммерциялық қызметтің жеке шарты бойынша «Атырау», «Индер», «Құлсары», «Теңіз», «Бейнеу», «РП Қарабатан» 220кВ ҚС объектілерінде ЖЖ байланыс жабдықтарын іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді.
Осы жобаны іске асыру бойынша барлық шарттық міндеттемелер, қойылатын талаптар мен сапаға сәйкес орындалды.