Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы!

22.03.2025
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы!

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы!

Көктеммен бірге келетін әз Наурыз – қазақ халқының ең ұлық мейрамы, жаңа жылдың, жаңа үміттің, бірлік пен татулықтың символы. Бұл күн – тек табиғаттың емес, жанның да жаңғыратын сәті.

Наурыз – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр мен мәдениеттің, салт-сананың көрінісі. Ата-бабамыз бұл күнді ерекше қадірлеп, ел ішіне шаттық пен береке тілеген.

Осы мерейлі мейраммен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, әр отбасыға береке, ырыс пен молшылық тілейміз! Жаңарған жыл жарқын бастамалар мен игі істерге толы болсын!

Наурыз құтты болсын!
Ақ мол, көңіл тоқ болсын!