«Энергоинформ» АҚ-ның Қостанай филиалы «Варваринское» АҚ-ның ГПП 110/10кВ жаңғырту орындады. Қостанай филиалы Ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкерлері, яғни жетекші инженер А.П.Ивачёв пен инженер В.А.Кравецпен мынадай жұмыстар жүргізілді:
- Варваринское ГПП-110/10кВ телеметриялық ақпаратты жинау және беру жүйесімен, телесигнализация құралдарымен және өңірлік диспетчерлік орталықтармен тікелей диспетчерлік байланыс арналарымен қамтамасыз ету, ол үшін мынадай ақпаратты берумен байланыстың екі тәуелсіз арнасы орындалды:
1. "КЕGОС" АҚ Сарыбай ЖЭТ филиалының Қостанай ӨДО-ғы "Варваринская" 110кВ ҚС-ы бастап нақты уақыт режимінде T1 және Т2 белсенді және реактивті тұтыну қуатын телеөлшеу;
2. "КЕGОС" АҚ Сарыбай ЖЭТ филиалының Қостанай ӨДО-ғы "Варваринская" 110кВ ҚС-нан бастап 110кВ ажыратқыштардың іске қосылған/ажыратылған жағдайын, 110кВ ажыратқыштардың және жерге тұйықтау пышақтарының телесигнализациялау.
- "Варваринская" 110кВ ҚС және "КЕGОС" АҚ ӨДО-ы арасындағы екі тәуелсіз дауыстық байланыс арнасы.
- «КЕGОС» АҚ-ның нұсқамаларымен қолданыстағы Қағидаларының талаптарына, «КЕGОС» АҚ техникалық шарттарына, ҚР Атом және энергетикалық қадағалау және бақылак комитетінің талаптарына сәйкес өңірлік диспетчерлік орталықтарға қажетті телеметриялық ақпаратты, телесигнализацияны және тікелей диспетчерлік байланыс арналарын берумен "Варваринская" ГПТ-110/10кВ қамтамасыз ету.
- Байланыс арналарын қолданыстағы КЕGОС телефон желісіне біріктіру және Hicom АТС базасында ӨДО-ның диспетчерлік пультіне шығару; фидерлерден телеметриялық ақпаратты жинау және беру жүйесін интеграциялау және оны қолданыстағы SCADA \EMS КЕGОС ақпараттық кешенінің Oracle дерекқорына интеграциялау.
Барлық жұмыстар шартқа сәйкес мерзімінде орындалды.