Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

Онлайн «Емтихан алушы» - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнінде білімдерін кезекті тексеру

16.11.2020
Онлайн «Емтихан алушы» - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнінде білімдерін кезекті тексеру

     Короновирустық инфекцияның таралмауын алдн алу мақсатында «Энергоинфом» АҚ қызметкерлерінің көпшілігі қашықтықта жұмыс істеуге көшірілді. Бірақ еңбек процесі өз барысында жүріп жатыр. Қызметкерлерге арналған нұсқама кезеңі аяқталады, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар (АҚ және ТЖ) бойынша білімді мерзімді тексеру уақыты жақындады.

     АҚ және ТЖ бойынша 2019-2020 жж. үшін зерделенген бағдарламалардың қорытындысын жүргізу мақсатында «Энергоинформ» АҚ-ның қызметкерлеріне 2020 ж. 16 қарашадан бастап 25 желтоқсанға дейін Орталық аппаратта орнатылған «Емтихан алушы» арқылы онлайн тестілеу жүргізуге шешім қабылданды. Онлайн «Емтихан алушы» - бұл білімдерін мерзімді тексеру жүргізу үшін тиімді тәсіл болып табылады.

Онлайн «Емтихан алушы»:

-Қолайлы - емтихан қашықтықтан өткізілуі мүмкін;

-Тиімді - сұрақтардың кездейсоқ таңдалуы объективті нәтижелерге кепілдік береді;

-Жеке - әрбір емтихан алушыға жеке кабинет тағайындалады;

-Қол жетімді - Емтихан қызметі аптасына 7 күн 24 сағат бойы қол жетімді. Тестілеу күніне дейін қызметкерлер тестілеуге өзін-өзі дайындау үшін «Емтихан алушыны» қолдана алады.

     2020 жылғы 6 қазаннан 11 қарашаға дейін «Энергоинформ» АҚ-ның қызметкерлері АҚ және ТЖ сұрақтары бойынша онлайн« Емтихан алушының» көмегімен оқытылды. Компанияның барлығы 530 қызметкері онлайн-тестілеуден өтеді. Тест нәтижелері емтихан аяқталғаннан кейін дереу жеке тест алушының кабинетінде көрсетіледі.


Емтиханыңызға сәттілік тілейміз! Үйде болыңыз! Абай болыңыз!