Z00T2D0, Қазақстан, Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59
- (Бизнес-байланыс)

РҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ҒА АРНАЛҒАН АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

25.11.2020
РҚ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ҒА АРНАЛҒАН АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Әлемдік тәжірибе қазіргі заманғы шындықта цифрландыру әлемнің барлық елдерінің экономикасын дамытуда маңызды рөл ойнайтынын айқын көрсетеді.

            Қазақстан цифрландыруды дамытуға да үлкен назар аударады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді және жүзеге асырылуда, оның мақсаты орта мерзімді перспективада цифрлы технологияларды қолдану арқылы ел экономикасының дамуын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту,
        Сондай-ақ отандық экономиканың ұзақ мерзімді перспективда болашақтағы цифрлық экономиканың құрылуын қамтамасыз ете отырып, принципиалды жаңа траекторияға өтуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.

        Бағдарлама басқалармен қатар, «KEGOC» АҚ-ның жобасын жүзеге асырып жатқан өнеркәсіп пен электр энергетикасын цифрландыру міндетін қояды, оның шеңберінде  «Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) жұмыс режимдерін басқаруға арналған апаттық жағдайды жою және режимді автоматтандырудың орталықтандырылған жүйесін енгізу» жобасын іске асыруда.  Ол екі компоненттерден тұрады: «Апатқа қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесі (ПАОЖ)» және «Жиелікті және қуаттылықты автоматты реттеу жүйесі (ЖҚАР). 

         Осы жобаларды іске асыру ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың замануи ақылдық технологияларды иегеру жолымен Қазақстанның энергетикалық жүйелерін жаңғырту жөніндегі тікелей тапсырмасын орындауға арналған.  Атап айтқанда, элементтері ПАОЖ және ЖҚАР болатын зияткерлік тораптар (Smart Grid) салу.

        Бірінші компоненттің (ПАОЖ) іске қосылуы Қазақстанның энергетикалық жүйесінде апаттық процестерді персоналдың араласуынсыз жергілікті уақыттан орталықтандырылған апатқа қарсы басқаруға ауыса отырып, нақты уақыт режимінде орнатуға мүмкіндік береді. Бұл БЭЖ сенімділігін мүлде басқа деңгейге көтереді.

       Екінші жобаны (ЖҚАР) іске асыру Қазақстанның БЭЖ мен Ресейдің БЭЖ шекарасында жоспарланған мәндерден қуат ағындары тепе-теңдігінің ауытқуын нөлге дейін төмендету мақсатында жиіліктер мен қуаттарды реттеуді автоматтандырады. 

       Бұл генерация мен тұтынудың жоспарланған теңгеріміндегі ауытқуларды азайтады және транзиттік желінің жоспарланбаған қуат ағындарымен қосымша жүктемесін болдырмауға мүмкіндік береді.

       «KEGOC» АҚ-ның жоғарыда аталған жобаларды іске асыруға үшінші тарап мердігерлер ұйымдарын тартпайтындығы, тек оның активтеріне сүйенетіндігі назар аудартады. Бұл технологиялық күрделі жобаларды «KEGOC» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Энергоинформ» АҚ жүзеге асырады.

       «Энергоинформ» АҚ-ы персоналының ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында айтарлықтай тәжірибесі бар: жобалау, енгізу және энергетика саласы мен мамандандырылған ІТ шешімдерінде заманауи ақпараттық басқару жүйелері мен аппараттық-бағдарламалық жүйелерді орнату, іске қосу және пайдалану.

       ПАОЖ және ЖҚАР пайдалануға енгізу «Энергоинформ» АҚ құзыретін айтарлықтай арттырады, өйткені әзірге бірде-бір ұйым мұндай жүйелерді енгізген жоқ. Компания тапсырманы абыроймен орындайды. Жобаларды жүзеге асыру мәресіне жетті. «Орталықтандырылған апатқа қарсы автоматика жүйесі» жобасы жоспар бойынша 2020 жылдың қараша айының соңында, ал «Жиілік пен қуатты автоматты басқару» жобасы - 2021 жылдың басында аяқталады.

        Осындай күрделі ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды іске асыру  «Энергоинформ» АҚ персоналының жоғары біліктілігінің айқын дәлелі болып, және ірі өнеркәсіптік клиенттердің сенімін тудырғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, «Энергоинформ» АҚ Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарымен, оның ішінде «У.Д.Кантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ-мен және «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-мен ЖҚАР жүйесін енгізу туралы келісім жасасты. 


 «Энергоинформ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қуаныш Бектеміров,
«Энергоинформ» АҚ Сату және шарттарды басқару департаментінің жетекші маман Айнаш Кенжибаева.

Толығырақ: https://kursiv.kz/news/otraslevye-temy/2020-11/umnye-tekhnologii-dlya-modernizacii-energeticheskoy-sistemy-rk